Қос боксшының промоутерлері жекпе-жек өткізудің шарттарын бекітіп, ортақ келісімге келген. Нәтижесінде, Головкин мен Альварес алдағы қыркүйек айының 15-інде тағы да жұдырық түйістіретін болып шешілді. 

Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді. Егер қарымта кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетер болса, онда Головкин 40 млн доллар еншілемек.

Қаперде болса, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде қос боксшы бір-бірінің осал тұстарын таба алмай, төрешілер шешімімен тең түскен. Кейін, қарымта кездесу өтетіні жарияланып, қос алып биыл 5 мамырда шаршы алаңда жолығуы тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы допинг дауына ілігіп, тамыз айына дейін спорттан шеттетілді.

“The Qazaq Times”