Түркия Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли аймақтағы террорлық топтардың бетін қайтармайынша, түрік әскери күштерінің Ирактың солтүстігінен шығарылмайтынын хабарлады. Бұл туралы ол «Анадолу» агенттігінде өткен дөңгелек үстелде кеңірек баяндаған, деп хабарлайды «meydan.com.tr» басылымы.
Министр Ирактың солтүстігіндегі антитеррорлық операцияларға қатысты пікірін айта келе, "Түркия әскери күштері тарапынан Ирак территориясында құрылған бекіністі аудандардың қорғанысы күшеюде. Енді, операцияның келесі кезеңі басталады», - деді. Әрі ол Күрд Жұмысшылар Партиясы (PKK) үнемі Түркияға Ирактың солтүстігінен шабуылдар ұйымдастыратынын да айтып: «Түркия мен АҚШ-тың соңғы келісімшартына сәйкес, сүриялық Манбидждегі «Күрдтердің халықтық қорғау отрядын» (YPG)» америкалық және түркиялық әскерилер бақылайтын болады", - деді.
Еске салайық, ресми Анкара мен Вашингтон Сүрияның Манбидж қаласы бойынша «жол картасын» қабылдап, оны 10 күн ішінде іске асыруға уағдаласқан еді. Осы уағдаластыққа байланысты, күрд жасағы ол аумақты толығымен босатып, қолдарындағы қару-жарақты тапсыруы тиіс еді. Алайда, қазіргі уақытта бұл талап ешқандай нәтиже бермеген, - деп хабарлайды, түрік баспасөз құралдары.