Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Кәрімованың бұғатталған миллиондарын қайтаруға келісті.
Швейцария БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ел билігі Өзбекстанмен арада жүргізілген ұзақ жылдық келіссөздерден кейін Швейцария банктерінде бұғатталған Гүлнара Кәрімованың 810 миллион доллар қаржысының жартысын қайтаруға келісім берген. Бірақ әзірге қаржының қай уақытта қайтарылатындығы жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан экс-президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнара Кәрімова әкесінің өлімінен кейін қамауға алынған. Оған «ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, аса ірі көлемде қаржы жымқырды» - деген айып тағылған. Гүлнара Кәрімованы бастапқыда Ташкент қалалық соты үй қамағында ұстауға шешім шығарған. Кейіннен бұл шешім өзгертіліп, ол бес жылға бас бостандығынан айырылған. Өзбекстан ресми БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда ол Ташкент қаласындағы түрмелердің бірінде өз жазасын өтеуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?