Франция парламентінің төменгі палатасы орта мектептерде оқитын оқушылардың смартфон қолдануына тыйым салатын жаң жобасын бекітті. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Ел президенті Эмманюэль Макрон саяси додаға түсер алдында осындай заң жобасын енгізетінін айтып, оқушылардың ғаламторға емес, оқуға ден қоюына ықпалдасатынын айтқан еді. Алайда оппозиция өкілдері аталған бастаманы іс жүзінде жүзеге асыру - қиын болады дейді.
2016 жылы елде жүргізілген сауалнама нәтижесінде, Франциядағы жасөспірімдердің 90 пайызы смартфон қолданатыны анықталған. Мектеп мұғалімдері шәкірттерінің сабаққа көңіл бөлуін доғарып, жаппай әлеуметтік желіге телміріп кеткенін айтып, ел билігіне шағымданған еді. Осыдан кейін, депутаттар қордаланған бұл мәселені тек заңмен бекітіп, шешуге болатынын айтқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы