Йемендегі әскери қақтығысты тоқтатудың тың әдісі ретінде Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) хүситтердің Сауд-Арабия территориясындағы зымыран соққыларын тоқтатуларын қарастыратын жоспар ұсынды. Бұған жауап ретінде Сауд-Арабиясының жетекшілігіндегі араб одағы елдері де оларды бомбалауды тоқтатады. Бұл туралы француздық liberation.fr агенттігі хабарлады.
Әзірге ресми түрде жарияланбаған жоспар елдегі үш жылдық азамат соғысын тоқтатуға жасалған соңғы қадам. Бұл соғыс соңғы жылдардағы ең қорқынышты гуманитарлық апаттарға себеп болды, деп жазылған. Оның үстіне, соғысты бейбіт шешу жобасы Йеменде өтпелі үкімет құру қажеттілігін де қамтиды. Аталған агенттіктің хабарлауынша, Йемендегі әскери әрекет 2014 жылдан бері жалғасуда. Майданның бір жағында Иранның қолдауына ие көтерілісші-хүситтер, ал екінші тарап — Сауд-Арабиясының жетекшілігіндегі араб одағына қарасты бөлімше.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы