Түркияның Әскери әуе күштері Иракта «Күрд Жұмысшылар Партиясының» (PKK) 16 нысанын жойды. Сонымен қатар, «PKK»-ның алты мүшесін өлтірді, деп хабарлайды «Anadolu» агенттігі.
Әскери-әуе шабуылы Ирак территориясына жасалған. Өлтірілген көтерілісшілерден бөлек, Түркияның қарушы күштері «Күрд Жұмысшылар Партиясының» 16 нысанын жойған. Еске салайық, «Күрд Жұмысшылар Партиясы» бірнеше он жылдан бері Түркия үкіметімен күресіп келеді. Күрдтердің мақсаты мемлекет аясында дербес автономия құру болып табылады. Осынша уақыттан бері болған қанды қақтығыс 40 мыңнан астам адамның өліміне себеп болған. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы