Қытай Өзбекстан Ұлттық Банкіне 250 миллион доллар несие бермек.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, маусым айының 5-і күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсауында Бейжің қаласында Өзбекстан Ұлттық Банкі мен Қытай мемлекеттік даму Банкі өкілдері құны 250 миллион долларды құрайтын несие құжатына қол қойған. Қытай Банкі бөлетін қаржы алдағы уақытта Өзбекстандағы орта шағын бизнесті дамытуға жұмсалатын болады.
Айта кететін бір жайт, қазіргі таңда Өзбекстанға салынған Қытай инвестициясы 8 миллиард доллардан асқан. Бұдан бөлек ел аумағында 700-ден астам Қытай капиталы бар кәсіпорын жұмыс істеуде. Олардың ішінде 90 кәсіп орын 100 пайыз Қытай компанияларына тиесілі.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап