Израиль қарулы күштері НАТО-ның «Семсер-2018» әскери оқу-жаттығуына қатысады. Бұл НАТО мен еврей жұрты арасындағы алғаш рет өтетін әскери оқу-жаттығу. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.
Биылғы НАТО әскери жаттығуы Балтық жағалауы елдерінде болатын ең ауқымды әскери жаттығу болмақ. Әскери жаттығулар Польша, Литва, Латвия, Эстония жерлерінде өтеді. Сонымен бірге әскери шараға НАТО-ның ең ықпалды қуатты армиялары қатысқалы отыр. Айталық, жаттығу майданында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Литва, Латвия, Голландия, Македония, Польша, Испания, Румыния, Чехия және Норвегия елдерінің қарулы күштері болмақ.
НАТО бас хатшысы жасаған мәлімдемеде, кезекті әскери қимылдың аталмыш одақтың шығыс қанатын қорғауды, Балтық елдеріне төнетін қауіпті жоюға армияны жаттықтырады. Сонымен бірге одақтас елдер арасындағы әскери бірлікті нығайта түсу үшін жасалған шара екенін де айтып өткен.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы