Пентагон тағыда мәлімдеме жасап, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі жасанды аралдарда жүргізіп жатқан милитаризациясы Құрама Штаттарды қорқыта алмайтынын ескертті. Әрі, қақтығыс қаупі арта түссе де АҚШ тарабы навигация бостандығын қорғауды жалғастыра түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
АҚШ-тың Біріккен штаб бастығы және Теңіз корпусының басшысы, генерал-лейтенант Кеннет Маккензи АҚШ-та Қытайдың жасанды аралдарын жою мүмкіндігі барма деген сұраққа: «Менің жай ғана айтқым келетіні – Құрама Штаттардың Тынық мұхитының батыс жағалауындағы жасанды аралдарды жоюға бай тәжірибесі бар», – деді. Ол және: «Біздің Екінші дүние соғысынан қалған оқшауланған аралдарды жоюда тәжірибеміз жеткілікті. Бұл АҚШ армиясының басты қабілеті. Қытай бұл сөздерде артық кетпегені жөн, себебі бұл тарихи фактілер», – деді.
Соңғы кездері АҚШ теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізінде бірқатар әскери жаттығуларды өткізуде. Шиша аралдарына жақындап барған америкалық екі соғыс кемесі солардың бірі ғана. Қытай билігі бұл әрекеттерге наразылық жолдауда. Дегенмен, Қытай СІМ өкілі мәлімдемесінде: «АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери күштері Қытай және осы теңізге көршілес елдердің әскери активтерінен әлде қайда көп», – деді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы