Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында "7-20-25" бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Президент жаңа жоба бойынша берілетін пәтерлер басында баспанасы жоқ тұрғындарға ғана тиесілі болу керектігін айтты.
"Бұл бағдарламаны тағы да түсіндіріңдер! Пәтерлер басында баспанасы жоқ тұрғындарға берілуі керек. Ал, үйлері барлар бұл бағдарламадан мүлдем дәм етпесін... Партия өкілдері пәтерлердің әділетті түрде үлестірілуін қадағалау қажет. Ақша ұрлағанды қойыңдар!" - деді, Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда пәтерлер тегін таратылмайтынын отандастарымыз түсіну керек деді. Сөзінше, қазір Президентке хат жазып, баспана сұрап жатқандар көп екен. Нұрсұлтан Назарбаев ешбір мемлекетте тұрғын үйлер тұрғындарға тегін берілмейтінін айтты. Сондықтан баспанаға мұқтаж болса, "7-20-25" бағдарламасына қатысу керек деді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы