Израильдің тұрақты өкілі Данни Данон БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ХАМАС қозғалысын ресми түрде террорлық ұйым деп тануға шақырды. Бұл туралы 24heures.ch агенттігі хабарлайды.
Бұдан бұрын Газа секторынан Израиль тарапына бағытталған зымырандарға байланысты АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұраған еді. Отырыс қарсаңында Израильдің тұрақты өкілі ХАМАС қозғалысының израильдік азаматтарға қарсы шабуылының БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде талқылануын оң қадам деп атады. «Алайда, ҚК мүшелері тек сөзбен ғана шектеліп қалмай, күрделі әрекеттерге көшілері керек. Мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін ХАМАС қозғалысын ресми түрде террорлық ұйым деп атауға шақырамын», - деді Данон.
Аталған агенттің хабарлауынша, 29 мамыр күні израильдік тарап Газа секторына соққы жасаған. Олардың бұл әрекеттеріне Газа секторы шекарасынан атылған зымырандар шабуылы себеп болған. Шабуыл салдарынан ХАМАС-тың 30 әскери нысаны жойылды. Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израиль, АҚШ, Канада, Жапония елдері мен Еуродақ тарапынан террористік ұйым болып танылған.