Газа секторындағы әкімшілік басшылықты қолына алған палестиналық ХАМАС Израильмен 5 жыл мерзімге бітім жасасуға келісті. Оның өтеуі ретінде олар Израиль тарапын жағалау анклавын әлсіретуге көндірген. Бұл туралы бүгін, 8 тамыз күні «france24.com/fr» ХАМАС қозғалыс басшылығының ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, «ХАМАС» қозғалысы израильдік тараппен Газаның қоршауын әлсірету шартымен 5 жыл мерзімге бітімге келуге келіскен. ХАМАС өкілдері жақын күндері Мысыр (Египет) мен БҰҰ-ның таяушығыстық бейбітшілік жөніндегі комитетін өз шешімімен хабардар етуге ниетті.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бітім туралы келісім Мысырмен шекарадағы «Рафах» кедендік бекетін тек Газа тұрғындарының өтуін ғана емес, сектордың дамуына қажетті тауарларды тасымалдауды, сонымен қатар, балық шаруашылығы үшін жағалау аймағын кеңейтуді қамтиды.
Айта кету керек, шілде айының соңында Газа секторындағы ахуал шиеленісті жағдайға жеткен еді. Палестиналықтар тарапынан израильдік полицей өлтірілгеннен кейін еврей мемлекеті ХАМАС ұйымының палестиналық анклавтағы ондаған нысанына әуе күштері арқылы ауқымды шабуылдар жасаған болатын. Енді, бітіспес шабуылға ұласқан екіжақты кикілжіңді 5 жылға болса да тоқтатуға мүмкіндік тууы мүмкін деп, үміттенуде израильдік билік.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді