Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарабы жолдаған нотаға жауап берді. Ресми ақпарат ведомствоның арнайы сайтында жарияланған.
Өткен аптада Қырғыз Республикасының дипломаттары Алматы әуежайында болған тексеріске наразылық танытып, біздің елге нота жіберген еді. Олар кедендік бақылау қызметі қырғыз елінен Алматыға сапарлап барған адамдарды жөнсіз тексеріп, мазаларын алды деп шағымданған. Еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл тексерістің жоспарлы болғанын айтады. Өзге елдерде халықаралық террористік ұйымдардың қатысуымен болып жатқан түрлі келеңсіздіктен сақтану үшін, біздің елде қауіпсіздік күшейтілген екен. Әуежай қызметкерлері шет мемлекеттен келген кез келген адамның жеке басына қатысты барлық ақпаратты тыңғылықты тексеріп жатыр. Одан бөлек, жүктерін де тінтуде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті