Өткен аптада еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен келіссөз жүргізген. Тараптар арасындағы жиын Бейжің қаласында өтіпті. Маңызды басқосуда екі жақ консулдық саладағы ынтымақтастықты, қос ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін талқылаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстаннан барған делегацияны басқарған консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев қытайлық әріптесінен қос азаматтық үшін қолға түскен этникалық қазақтарды босатуды сұрапты. Өз кезегінде қытайлық тарап бұл мәселені шешудің ортақ амалын ойластыруға уәде берген. Одан бөлек, қос мемлекеттің дипломаттары елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесін де қаузаған көрінеді. Олар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келіп-кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасқан.
Осыған дейін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусым айының басында Қытайға іссапармен баратынын хабарлағанбыз. Мемлекет басшысы этникалық қазақтардың жайын осы сапары кезінде тілге тиек етеді деген үміт басым.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті