Өзбекстан депутаттары Шавкат Мирзиеевты Нобель сыйлығына ұсынбақ.
Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының Наманган облыстық кеңесінің депутаты Олимжон Тоқтаназаров Шавкат Мирзиеевты Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын көтерген. Тоқтаназаровтың сөзінше, Шавкат Мирзиеев «әдебиет», «ғылым» және «бейбітшілік» салалары бойынша Нобель сыйлығын алуға лайықты. Себебі Мирзиеев билік басына келгелі бері елде тұрақтылық пен бейбітшілік орғанаған және әдебиет пен ғылымға ауыз толтырып айтарлықтай көңіл бөлінуде.
Бұдан бөлек Өзбекстан либерел-демократиялық партиясының депутаттары «Менің пікірім» ұжымдық порталында Шавкат Мирзиеевқа «Өзбекстан Республикасының батыры» атағын беруді ұсынып, арнайы мәлімдеме жариялаған.