Ислам мемлекеті террорлық ұйымының шабуылы салдарынан Сүрияның Маядин қаласының маңында сүриялық 26 әскер мен 9 ресейлік қаза тапты. Бұл туралы Сүрия Адам құқықтарын бақылауға арналған мониторингте хабарланды, деп жазады «Agence France-Presse» агенттігі.
Аталған орталықтың шұғыл хабарламасында «Үкіметтік күштердің 35 әскері өлтірілді. Оның ішінде, кем дегенде 9 ресейлік бар. Қаза тапқан осы ресейлік азаматтардың кейбірі әскери қызметкер еді» , - делінген. Ал қалған 26 адам президент Башар Асадтың қарамағындағы күштің құрылымда қызмет еткен. Қазіргі таңда Ресей үкіметі осы оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бұдан бұрын Дейр әз-Зор провинциясында ресейлік екі әскери кеңесші қаза тауып, тағы бесеуі қатты жарақаттанған еді. Халықаралық бақылаушылар бұл да Маядин төңірегіндегі шабуылмен байланысты деп баға беруде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы