Түркия полициясы ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар 51 адамды тұтқындады. Бұл туралы ahaber.com.tr агентігі Түркияның құқықтық ресми органдарына сілтеме жасап хабарлады.
Мәлімдемеде «Түркияның террорлық ұйымға қарсы күрес органдары жұма күні Ыстамбұлда күдіктілерді қолға түсірді», - делінген.
Еске салайық, ұсталғандардың ұлты түрік емес. Ал, құқық қорғаушылардың айтуларынша, күдіктілер Сүриядағы қақтығыс аймағына қайтуды жоспарлаған. Агенттіктің хабарлауынша, ДАИШ мүшелеріне қарсы түрік операциясы өткен жылдың соңында басталған.