Кеше Солтүстік Корея елдің солтүстігіндегі ядролық сынақ базасын жапты. Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөз алдында өзінің міндетін орындағанын көрсетуге тырысқан. Алайда, осымен бір уақытта АҚШ президенті 12 маусымдағы келіссөзді өткізбейтін болып шешті. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Оңтүстік Корея үкіметінің ресми мәлімдемесінде, Солтүстік Кореяның ядролық сынақ базасын жабу әрекетіне оң баға беріп, АҚШ-пен кеңейтілген келіссөз өткізуге мүмкіндік береді деп бағалаған. Бірақ, бұл мәлімдемелерден кейін АҚШ тарабы келіссөзді күшінен қалдырды
Солтүстік Корея басшысы осыған дейін: «Бұл сынақ алаңының бізге керегі қалмады», – деп келген. АҚШ пен Оңтүстік Корея тарабы КХДР-ның толықтай ядролық қарусыздану арқылы санкцияларды жоғалтып, Ким режимін сақтап қалуға алмастыруын қалаған. Алайда, Солтүстік Корея АҚШ-тың ядролық қарусыздану ісін тездетуге қысымын қабылдай алмады.
Айта кетейік, ядролық полигонның жабылуын АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея журналистері бақылады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы