Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев долы дауыл келтірген шығынды есептеп, қираған ғимараттарды аз уақытта қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада жедел штаб құрылған. Мамандар табиғи апат салдарымен күресуге кірісіп кетті. Шенділер таратқан ақпарат бойынша, 24 тұрғын үйдің қасбеті бүлінген екен. Сондай-ақ, 7 әлеуметтік нысанның шатыры жұлыныпты. Одан бөлек, долы дауылдан 8 ағаш құлап, мыңнан аса қоршау қирап қалған. Қала әкімі аталған нысандарды жауаптыларға аз уақытта қалпына келтіруді тапсырды.
Апаттан 10 адамның зардап шеккені нақтыланды. Оның бірі ауыр дене жарақатымен қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр екен. Дәрігерлер науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы