Ұлыбританияда уланған ресейлік бұрынғы барлаушы Сергей Скрипаль ауруханадан шығарылды. Бұл туралы бүгін Ұлыбританияның денсаулық қорғау қызметі хабарлайды, дейді Би-Би-Си.
17 мамырда британдық телеарна Sky News, британдық тергеушілердің соңғы уақытта Ресейдің бұрынғы барлаушысы Сергей Срипальды тергеуді жалғастырған.
Телеарна таратқан мәліметке сәйкес, британиялық құқық қорғау қызметкерлері Скрипаль Ұлыбританияға келгеннен кейінгі өмірі мен уланғанға дейінгі соңғы әрекеттері туралы толық мәлімет жинауға тырысқан.
Еске салайық, 4 наурыз күні Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия уланған күйі табылған еді.