Еуропа одағы АҚШ-тың шешіміне қарамастан Ұлыбританиямен, Франциямен және Германиямен бірге Иранмен арадағы ядролық келісімшартты одан әрі жалғастыра бермек. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.
Бұл туралы ЕО-тың сыртқы саясат мәселелері бойынша жоғары өкілі Федерика Могерини 15 мамырда Ұлыбритания, Германия, Франция және Иранның сыртқы істер министрлерімен өткен кездесуде айтты.
Еуропалық дипломатия өкілі Ақ үйдің шешіміне қарамастан, ядролық келісімшартқа қол қоюшы еуропалық елдер келісімшартта қарастырылған міндеттерді одан әрі орындауды жалғастырады.
«Біз АҚШ үкіметінің аталған келісімшарттан шығу туралы шешіміне өкініш білдіреміз. Алайда, біз ядролық қаруға байланысты санкциялардың күшінің жойылуы мен Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты реттеу келісімшарттың негізгі бөлігі болып табылады деп есептейміз», - деді Могерини.
Естеріңізге сала кетейік, 8-мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен жасалған ядролық келісімшарттан шығатыны туралы жариялаған еді.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды