Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қақтығыстар әлі де толастамауда. Кеше, жұма күні жүздеген палестиналық автомобиль дөңелектерін жақты. Ал Израиль әскерлері бұған жауап ретінде көзді жасаурататын газ қолданды. Бұл туралы euronews.com агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін де сайтымызда Хамас қозғалысы тарапынан ұйымдастырылған «Ұлы оралу маршының» наурыз айында басталғаны туралы хабарлағанбыз. Ресми мәліметтер бойынша, сол уақыттан бері ондаған палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанған.
Алайда, Газа секторындағы ең үлкен қарсылық шарасы 14 мамырда (осы күні АҚШ Иерусалимде ресми елшілігін ашады) болады деп күтілуде. Сонымен қатар, 15 мамырда палестиналықтар атап өтетін «Апат күнінде» де ірі қарсылық науқаны болуы мүмкін.
Хамас жетекшілерінің сөзінше, 14-15 мамырдағы науқандарға он мыңдаған палестиналық дайындалып жатқан көрінеді. Ал Израиль шекарадан өтуге талпынған кез келген топқа қарсы күш қолдануға дайындалып жатқанын мәлімдеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы