Ресей халқы Владимир Путиннің инаугурациясына екі күн қалғанда жаппай ереуілге шықты – деп хабарлайды Грани.ру ақпарат көзі.
Мамыр айының 5-і күні оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары президент Владимир Путиннің билігіне қарсы «Он нам не царь» акциясын өткізуде. Осы уақытқа дейін қарсылық шаралары Владивосток, Хабаровск, Южно-Сахалинск, Иркутск және Комсомолск-на-Амуре қалаларында болған.
Бұдан бөлек қарсылық акциялары Санкт-Петербург, Кемерова, Рязань, Краснодар және Красноярск қалаларында да өтуі тиіс болған. Алайда жергілікті билік өкілдері аталмыш қалалардағы ұйымдастырушы белсенді азаматтарды қамауға алған.
Мәскеуде «Он нам не царь» акциясы жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге жоспарланған. Қарсылық шеруіне щықпас бұрын Навальный жақтастарын Пушкин алаңына қарусыз, бейбіт шеруге шығуға шақырған. Мәскеу прокуратурасы Алексей Навальныйға заңсыз шеру өткізудің теріс салдарлары болуы мүмкін екендігін айтып ескерту жасаған. Шаһар әкімшілігі Навальныйға қарсылық акциясын өткізуге рұқсат бермеген.