Бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті мәлімдеме жасап, Солтүстік Кореямен бейбітшілік келісім жасасқан күннің өзінде АҚШ әскерлерінің Оңтүстік Кореядан кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Оңтүстік Корея президентінің аппараты таратқан мәлімдемеде: «Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскерлері АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы дербес мәселе. Бұның екі Корея арасындағы бейбітшілік келісімімен байланысы жоқ», – делінген.
Оңтүстік Корея ПА мәлімдемешісі аталған мәлімдемеге қарата түсінік беріп: «АҚШ-тың Корей түбегіндегі әскерлері Қытай мен Жапония секілді супер күштер арасында бітімгерлік рөл атқарады. Сондықтанда Оңтүстік Корея тарабы АҚШ әскерлерінің қалуын талап етіп отыр», – деді.
АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскери қызметкерлерінің саны 25 мың 500 адам.
Көптеген сарапшылар осыған дейін Солтүстік Корея тарабы бейбітшілік келісімі үшін АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскерлерін шығарып кетуді талап етеді деген болжамдар айтқан болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы