Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды виза енгізілмек. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.
«Біз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды виза енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл арқылы Қазақстанға келген шетел азаматтары СІМ консулдығына бармай-ақ, жұмыстарын бітіре алады», - деді Е.Тұрғымбаев. Оның сөзінше, шетел азаматтарына ҚР көші-қон қызметін тікелей электронды портал арқылы пайдалана алады. Осы арқылы шетел азаматтарының Қазақстанға келу себептерін, қаржылық мүмкіндіктерін және қанша уақыт болатындықтары туралы толық мәліметтер жинақталатынын айтқан вице-министр: «Біз өтініш беруші шетел азаматы туралы мәліметтерді қарап, егер ешқандай да шектеулер болмаса, визаны рәсімдейміз. Осылайша, әсіресе біздің елімізде консулдық қызмет органы жоқ ел азаматтары үшін тіркеу рәсімін жеңілдетпекпіз», - деді.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды