Кеше АҚШ Сенаты Майк Помпеоны Құрама Штаттың Мемлекеттік хатшысы ретінде бекітті. Помпеоны мемлекеттік хатшы лауазымына президент Трамп ұсынған болатын. Сенаттан 42-ге қарсы 57 дауыс бұл ұсынысты қолдап шықты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Майк Помпео бұған дейін АҚШ-тың Орталық Барлау Агенттігінің директоры қызметін атқарған. Оның мемлекеттік хатшы лауазымын бекітуге Сенаттағы Республикашылдар партиясының барлық мүшесі қолдау білдірді. Оған қоса, Демократтардан 6 адам және партияға жатпайтын өкілдерден бір адам қолдады.
Сонымен, Майк Помпео өткен айда Трамп қызметінен қуған Рекс Тиллерсонның орнына ресми тағайындалды. Сенаттың соңғы шешімінен кейін Помпео бүгін Брюссельде өтетін НАТО конференциясына АҚШ-тың жоғары өкілі ретінде қатысады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы