Еуропалық Университеттер Ассоциациясының (ЕУА) Тағайындау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын аталмыш халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды.
Ассоциацияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан және ол Еуропадағы 800 жетекші университеттерді біріктіреді. Оның қызметі еуропалық университеттерге заманауи қажеттіліктерге және жоғары халықаралық стандарттарға сай тиімді дамуға көмектесуге бағытталған. ЕУА президенті ғылым мен білімнің көрнекті қайраткерлері арасынан үш жылға бір рет сайланады.
Оның кандидатурасын бірқатар танымал университеттер қолдады. Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филиппов, Ресей Федерациясының бұрынғы Білім және ғылым министрі, Еуропалық университеттер қауымдастығының Бас Хатшысына жолдаған қолдау хатында Академик Ғалым Мұтанов Ассоциацияның президенті лауазымына тағайындалған жағдайда, ЕУА-ны позитивті келешек күтіп тұрғанына шынайы сенім білдірді. Оның жетекшілігімен ҚазҰУ әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің біріне айналды, - деп айтылған РХДУ ректорының жолдауында.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел