Түркіменстанда әйелдердің сыртқы келбеттеріне арналған жаңа заңдар енгізілді.
Бұдан былай түрікмен әйелдерінің көйлектері өте мол етіп пішілетін болды. Көйлектерінің етегі тек аяқ киімдері ғана көрініп тұратындай ұзын, ал жеңдері білектерін түгелдей жауып тұруы тиіс.
Осындай заң қабылдаған түркімен шенеуніктері мұндай заңдардың енгізілуін қазіргі уақытта түрікмен халқының тарихи және мәдени дәстүрлерінің аяқ асты етіліп, жойылып бара жатқандығымен түсіндіреді. Тәрбиенің басты құралы оқу ордалары деп есептеген олар, қатаң тәртіпті мұғалімдер мен тәрбиешілердің киімдеріне қатысты заңдарды енгізуден бастаған сияқты. Ендігі жерде ер мұғалімдер оқу орнына қара костюм, ақ жейде киіп, галстук тағуға міндеттелген. Ал қыз-келіншектер сары бедерлі, қара көйлек киеді. Одан бөлек, әйелдерге тырнақ пен қас бояп, кірпік жалғап, шаштарын ашық түске бояуға заңмен тиым салынды.
Сонымен қатар, педагогтарға үйлену тойлары мен мерекелік шаралар болмаса, себепсізден-себепсіз мейрамханалар мен шағын дәмханаларға бас сұғуға рұқсат жоқ.