Пәкістан мен Ауғанстан шекарасына орналасқан Куэтта қаласында полиция қызметкерлеріне жанкешті шабуыл болып, 5 полицей қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Куэтта қаласы Пәкістанның Белужистан автономиялы аймағының орталық қаласы. Полиция тарауларының алдын ала берген мәліметінде, Куэтта қаласындағы шабуылмен қатар сол аймақтың Миан-Гунди жерінде де шекара қорғаушыларға қарулы шабуыл жасалған. Шекара қорғаушы күштер шабуыл жасаушы екі адамды атып өлтірген. Гуэттадағы жанкешті шабуылынан 5 полицей қаза тапқан. Мәліметке қарағанда қаза болғандар саны артуы мүмкін.
Қазір Гуэтта қаласы қауіпсіздік күштері жағынан бақылауға алынды. Аталған аймақта бір айдың ішінде христиан шіркеуіне және қауіпсіздік қызметкерлеріне бірнеше рет қарулы шабуыл жасады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы