Қазақстанда онлайн-несие секторын реттеу мәселесі жіті қарастырылып жатыр. Егер кредит бойынша жылдық мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы керек деген талап енгізілсе, онда 4 млн отандасымыз несиеден қағылады. Бұл туралы kapital.kz порталы мәлімдеді.
Елімізде онлайн-несие осыдан 4 жыл бұрын беріле бастапты. Осы уақыт аралығында шағын қаржы ұйымдарынан мыңдаған қазақстандық ақша алып үлгерген екен. Дені - 30 жасқа толмағандар. Олар қаражат шұғыл қажет деп, әлгі мекемелердің көмегіне жаппай жүгінеді. Пайыздық мөлшерлемесі жоғары бола тұра, несие алудан тартынбайды. Қаржы саласын зерттеп жүрген мамандар онлайн-несие рәсімдеуге көбіне Алматы және Астана қаласының тұрғындары бейім дейді. Өйткені шағын қаржы ұйымдарының көбі осы қалаларда шоғырланған. Мәселен, 2015 жылы онлайн-несие алуға өтініш бергендердің саны - бұқараның 14% құраса, былтырғы жылы халықтың 53% - қаржы ұйымдарынан қарыз алған екен. Осы тұста, интернет арқылы несие рәсімдеуге мүмкіндік беретін мекемелердің көбі - шетелдік компаниялар екенін ескерген жөн. Егер қаржы саласында әлгіндей өзгерістер болса, олардың Қазақстан аумағынан аластатылауы әбден мүмкін.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы