Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, өзіне қарасты партия жиналысынан кейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Лавровтың Афринге қатысты мәлімдемесіне жауап қайтарып, «Кімге қайтаратынымызды өзіміз білеміз», - деді.
Естеріңізге сала кетсек, Сергей Лавров дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Түркия Афринді Сүрияның бақылауына қайтаруы керек» деген болатын. Осыған қатысты өз жауабын берген Ердоған: «Бұл мәлімдеме өте қате. Біз Афринді кімге қайтару керек екенін бәрінен жақсы білеміз. Сүрияда қазір басқа елдердің бақылауындағы жерлер онсыз да жетеді. Міне, сол жерлердің Сүрияға қайтарылуы талқылансын. Біз уақыты келгенде Афринді африндіктердің өздеріне қайтарамыз. Алайда, оны қашан қайтару — біздің шешіміміз. Оны құрметті Лавров емес, біз белгілейміз», - деді.
Сонымен қатар, Ердоған журналистердің «АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуге ниетіңіз бар ма?» деген сұрақтарына: «Дәл қазір қоңырау шалса сөйлеспеу үшін ешқандай себеп жоқ. Егер қажет болып жатса, оған өзім қоңырау соғамын» деді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы