26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Түркменстанда өзбек-түрікмен үкіметаралық комиссиясының жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. "Аталған кездесу Түркіменстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау және жүргізу мәселесіне бағыталған" , - деп хабарлайды Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасының жекелеген бөліктеріндегі атқарылған топограф-геодезиялық ортақ жұмыстардың нәтижелері қаралып, оны 2018 жылға арналған Графиктік-жоспар негізінде жалғастыру үшін келісімшарт жасалды. Келіссөз қорытындысы бойынша келісімшартқа қол қойылған.
Өздеріңізге белгілі, Хорезм, Кашкадарья және Бұхара облыстары, сонымен қатар Қарақалпақстан республикасы Түркіменстанмен шектеседі. Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 1650 шақырымды құрайды. Осы шекараға қатысты екі ел арасында бірқатар мәселе әлі өз шешімін таппай келген еді. Енді екі ел өкілдері, алдағы жоспарлары арқылы біржақты шешімге тоқтаудан үмітті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы