Өзбекстанның Янгуль ауданында мектеп оқушыларына ата-аналарының табиғи газ, электр қуаты мен суға қарыздарын біліп келуді тапсырған. Бұл туралы Орта centralasian.org хабарлады.
26 наурызда бұл аудандағы әрбір мектептегі 6-9 сынып оқушыларынан үш күннің ішінде коммуналдық қызметке қатысты сауалнаманы толтырауын талап еткен. Оны уақытылы өткізбеген оқушыларға "жаман баға қойылатыны" ескертілген. Оқушылардың ата-аналары мектеп басшылығының бұл әрекетіне наразы болып отыр. "Бұған мектептің не қатысы бар? Оның үстіне мұғалімдер балаларды жаман баға қоямыз деп қорқытып қойған", - деді аудан тұрғыны Наталья Верченко. Янгуль ауданындағы бір мектептің директоры мұндай тапсырма аудан әкімдігінен түскенін айтты. Бас прокуратураға қарасты Мәжбүрлі түрде орындату бюросының баспасөз қызметі мұндай жағдайдан хабарсыз екенін хабарлаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы