Әзербайжанда бүгін ел тарихындағы ең ауқымды әскери-оқу жаттығу басталды. Аталған әскери жаттығуға 25 мың жауынгер қатысады және Әзербайжан қарулы күштерінің ең жаңа соғыс құралдары сыннан өтеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте, әскери жаттығуға 250 танк пен сауытты әскери көліктер, мыңға жуық артиллерия, 50 әскери ұшақ, сондай-ақ, ең жаңа барлау құрылғылары мен ұшқышсыз ұшу құрылғылары да қатыстырылады.
Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі бір апта бұрын Әзербайжанның кезекті әскери жаттығуы туралы хабарлап, әскери шараны президент Илхам Алиев арнайы бекіткенін, 12-17 наурыз күндері арасында өтетінін айтқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы