АҚШ президенті Дональд Трамп тағы бір рет Қытаймен сауда барыс-келісін жасайтынын білдіріп сигнал жолдады. Трамп бұл ойын жұма күні Уашингтонда (Вашингтон) өткен «Консервативті саяси іс-қимыл конференциясы» кезінде білдірді. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Президент Трамп сөзінде: «Құрама Штаттың жол бергіш дәуірі аяқталды. Ендігі жерде АҚШ басқа елдерге жол бере бермейді», – дей келіп, АҚШ пен басқа елдер арасындағы сауда тапшылығы өткен жылы 566 миллиард АҚШ долларынан асқанын, соның ішінде Қытаймен сауда тапшылығы 277,8 миллиард АҚШ долларын құрап, рекордтық деңгейге жеткенін алға тартты.
Трамп өзінен бұрынғы үкіметтің не үшін бұл жағдайға жол беріп, қарап отырғанын түсіне алмайтынын, бірақ өзі президент болып тұрғанда бұндай іске әсте жол бермейтінін атап айтты.
«Мен Ши Жинпиң мырзаны құрметтеймін, бірақ біз өзіміз істеуге тиісті істі істеуіміз керек», – деді Трамп.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы