Ирак Ресейге тапсырыс берген 73 Т90s танктерінен 36 данасын қабылдап алды. Ирактың Бас Штаб басқармасының қолбасшысы Осман әл-Ганими мәлімдемесінде екі елдің жасасқан келісіміне сай Ресейде жасалған танктерді сатып ала бастағанын айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Ирак үкімет армиясы былтыр Ресейге 73 Т90с түріндегі танктерінің 50 данасына тапсырысқа берген болатын. Ресей жағы қалған танктерді сәуір айына дейін Иракқа өткізіп беретінін мәлімдеген. Ирактың үкіметке қарасты қарулы күштері алдағы уақытта толықтай жасақталған танк қосындарының құрылатынын мәлімдеп отыр.
Ирак армиясы былтыр жыл соңында елдегі ДАИШ-ке қарсы соғыстың жеңіске жеткенін хабарлаған және алдағы уақытта армияның қуатын арттыруды қолға алатынын мәлімдеген болатын. Ирактың бұдан өзге АҚШ, Қытай, Украина елдерінен қару-жарақ сатып алу келісімі бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы