Al Jazeera ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мысыр билік өкілдері штабтың бұрынғы басшысы, қазір қамауда отырған Сами Ананның (Sami Anan) көмекшісі, елдің бұрынғы бас аудиторы Хишам Гененаны да (Hisham Genena) тұтқынға алды.
Гененаның қорғушысы оның сейсенбі күні астананың Жаңа Каир аймағындағы өзінің үйінен тұтқындалғанын БАҚ-қа берген сұхбатында айтты.
Хишам Генена Ананның сайлау алды кампаниясында белсенді қызмет атқарған. Өткен айда ол "ресми тергеуді қажет ететін" заң бұзушылықтары үшін әскери түрмеге қамалған.
Дүйсенбі күні елдің Жоғарғы Комитеті Гененаның "президент Ананның қолында билік басында отырғандарды әшкерелейтін құжаттар мен дәлелдер бар" деген сөзінен кейін бұрынғы президентке және оның көмекшісіне қатысты тергеу ісін қозғаймыз деп мәлімдеме жасады.
Гененаның айтуынша, ол құжаттарда 25 қаңтардағы көтерілісті ұйымдастырушылар туралы да ақпарат бар.
Жоғарғы Комитет хатшысы Тамер Рифайдың (Tamer Rifai ) айтуынша, қарулы күштер сотталушыларға қарсы сот ісін жүргізу үшін "конституциямен кепілдендірілген барлық құқықтарды пайдаланады".


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді