The Guardian басылымы Данияның Әділет Министрінің сөзін негізге алып, "адам бетін толық жауып тұратын киім Дания халқының құндылықтарына сай келмейді" деп жазды.
Дания үкіметі бетті толық жауып тұратын исламдық киімді қоғамдық жерлерде киюге тыйым салуды ұсынды. "Қоғамдық орындарда адамдармен кездескенде бет-әлпетіңді көрсетпеуді Дания қоғамының құндылықтарымен санаспау деп түсінеміз. Себебі Данияда адаммен бетпе-бет сөйлесу арқылы біз бір-бірімізге деген сенім мен құрметті білдіреміз" - дейді Әділет Министрі.
Бұл ұсыныс әзірге үкіметтік емес ұйымдар тарапынан түсіп отыр. Көктемде орталық-құқық үкіметі мұны заң жүзінде қабылдауды парламентке ұсынбақ. Елдегі антиимиграциялық партия қолдауымен заң қабылданады деп күтілуде.
Аталған заңға бір рет бағынбаған адамға мың крон (120 еуро), екі және тағы бірнеше мәрте қайталаса 10 мың крон айыппұл салынады.
Өткен жылы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот Бельгияда қоғамдық орындарда бетті тұмшалап жауып тұратын киім киюге тыйым салды.
Франция қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салған алғашқы Еуропа елі (2011 жыл). Ал 2013 жылы Испания Жоғарғы Соты керісінше, дәл осындай заңның күшін жойды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы