Аризонадағы Alcor атты арнайы зерттеу орталығында адамды мұзға қатырып, дамыған технология арқылы қайта тірілтуге болатын болды. Қазір Alcor компаниясының арнайы зерттеу орталығында 154 адамның мұзға қатырылған денесі сақталуда. Адамның денесі -200 С° температурадағы азот сұйықтығында шыланған. Бұл туралы BBC онлайн қызметі хабарлайды.
Зерттеушілердің айтуынша, қазір бұл технологияны пайдалану құны 200 мың АҚШ доллары. Қаражатын үнемдегісі келгендер немесе ақшасы жетпегендер басын ғана мұздатып қойса болады. Тіпті үй жануарларын да арнайы технологиямен тоңазытып қойып, кейін тірілтіп алуға болады.
Дегенмен, кейбір ғалымдар технологияның қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Айталық профессор Клайв Коэн: «Миды мұздатып жатқан әрбір микроэлементке қажетті заттардың құйылып тұратыны туралы нақты мәлімет жоқ. Демек, мидың -196С°-қа түспей қалуы, соның салдарынан ақаусыз сақталмай қалуы мүмкін», – деген пікірде.
Alcor компаниясы бір рет тоңазытылған адамды қайта тірілту оңай болмайды дейді. Дегенмен, зерттеушілер бұл технологияның болашағынан зор үміт күтіп отыр. Мәңгілік жасауды кім қаламасын?!
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр