Facebook әлеуметтік желісі өзінде криптовалюта, ІСО және бинарлы опциялар туралы жарнама жасауға тыйым салды. Бұл туралы әлеуметтік желінің ресми парақшасында хабарланды.
"Бинарлы опциялар мен криптовалюта сияқты жалған немесе алдамшы технологиялармен байланысы бар қаржы өнімдері мен қызметтерді жарнамалауға тыйым салуды енгізіп жатырмыз", - дейді Facebook компаниясының өнімдерді басқару жөніндегі директоры Роб Койн.
Компания атап өткендей, олар қолданушылардың алаяқтықтан қорықпай-ақ, Facebook-та берілетін жарнамалар арқылы жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін біліп отырғанын қалайды екен.
"Дегенмен, қазіргі кезде адал жолмен жұмыс істемейтін бинарлы опцияларды, ICO және криптовалюталарды жарнамалайтын көптеген компаниялар бар", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік топ-менеджерлерінің сөзінше, олар опциялар мен криптовалюталар туралы әрбір жарияланымды бақылап отыра алмайды, сондықтан қолданушыларды өздеріне көмекке шақырып отыр.
Ал алдағы уақытта жоғарыда аталған жарнама саясаты Instagram-ға пайдаланылатын болады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы