Қытайдың Сауда министрлігінің кеше түстен кейін жариялаған мәлімдемесі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қайшылығына бағытталды. Қытай тарабы АҚШ-Қытай арасындағы сауда-саттыққа қатер төнбейді және екі тарап да жанжалдарды конструктивті түрде шеше алады деп үміттенетінін білдірді.
Бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай Сауда министрлігінің өкілі Гау Фың: «Құрама Штаттан тиімді шаралар қабылдайды деп үміттенеміз, сауда қимылдарын теріс пайдаланбауын қалаймыз», – деді.
Ол тағы ДСҰ ережелеріне сәйкес келмейтін біржақты тәртіп пен протекционизм үшін Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін батылдықпен қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.
Бұл Қытай тарабының АҚШ-пен арадағы сауда қақтығысынынан айтарлықтай деңгейде алаңдап отырғанын және сауда қақтығысының жауапкершілігін Құрама Штатқа артуға тырысатынын түсіндіреді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау