Лондондағы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, қаланың орталық бөлегінде көп мөлшерде табиғи газдың төгілуіне байланысты, сол маңдағы қызметкерлерді эвакуациялауға және екі метро бекетін жабуға тура келген. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Лондондағы Craven даңғылында табиғи газдың ағып кетуіне байланысты үкімет Charing Cross және Waterloo East қатарлы екі мето бекетін жауып, маңындағы қонақ үй мен түнгі клубтан шамамен 1450 адамды эвакуациялаған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер ауада табиғи газдың жоғары концентрациясы бар екенін анықтау үшін детекторлау құралдарын пайдалануда.
Елдегі ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда, жабылған метро стансалар төтенше жағдай қызметі жағынан қауіпсіздігін расталғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек қайта іске қосылуы мүмкін.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы