Францияның сүт өнімдерін шығаратын Lactalis компаниясы балалары ауруханаға жеткізілген ата-аналардың шағымынан соң, 83 мемлекеттегі 12 миллионға жуық бүлдіршіндерге арналған сүт өнімдерін дүкен сөрелерінен алып тастады. Алдын ала болжамдар бойынша, науқас балалар сүт өнімдерінің құрамындағы ауру қоздырғыштарынан сальмонеллез дертіне шалдыққан болуы мүмкін. Қазір өндіріс орнындағы өнімдер зертханада тексеріліп жатыр. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Қолда бар ақпараттарға қарағанда, "сапасыз" сүт өнімдерінен Францияда 37 бала зардап шегіп, олардың 18-іне шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханадағы бүлдіршіндердің жағдайы бірқалыпты. Осыған ұқсас бір оқиға Испанияда және Грецияда (дәлелденген жоқ) тіркелген.
Мәселенің ақ-қарасы анықталғанша, Францияның солтүстік батысындағы, Lactalis компаниясына қарасты Краон зауыты жабылды. Компанияның баспасөз хатшысы Мишель Налет өндіріс орны қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізуге ешқандай кедергі келтірмейтінін хабарлады.
Lactalis компаниясының атқарушы директоры Эммануэль Бесние Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында компанияның аталған өндірістік ақауларды жасыруға тырысқаны туралы хабарды жоққа шығарды. Ол зардап шеккен отбасылардың шығынын өтеуге келісті.
Lactalis компаниясы - әлемдегі ең ірі сүт өнімдерін өндіруші компаниялардың қатарында. Оны жылдық табысы - 17 млрд еуро. Бір ғана Францияның өзінде 15 мың адамды жұмыспен қамтып отырған компанияның әлемнің 47 елінде 246 өндіріс орны бар.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау