АҚШ Қорғаныс тараулары мен Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде, Украинаға озық соғыс қаруларын сатып беретіндерін жариялаған болатын. Бұл Мәскеудің мазасын кетірді. Апта соңында жасаған мәлімдемеде Ресей жақ АҚШ-қа бұл қадамға бармауға шақырып, ескерту жасады. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты жазды.

Құрама Штат үкіметінің мәлімдемесінде Украинаның шекара қауіпсіздігін қорғауына, егемендігін сақтап, ұзақ мерзімдік қорғаныс қуатын бекемдеуіне, сонымен қатар ықтимал соғыс жағдайына қарсы тұра алуына қолдау көрсету үшін озық әрі қорғаныс қабілеті жоғары қару-жарақ сатып беретінін жазған.

Медиа тарауларының көрсеткен мәліметінде АҚШ-тың Украинаға сатып беретін қаруларының арасында 210 дана танкке қарсы зымыран мен 35 зымыран құрылғысының бар екені мәлім болды. Аталған маңызды соғыс техникаларын қамтыған сауданың құны 47 млн АҚШ доллары шамасында.

Құрама Штаттың бұл шешімі Ресейдің күшті наразылығын тудырды, әрі Мәскеу жақ АҚШ-қа ескерту жасады. Ресей үкіметі ресми өкілдерінің бірі: «АҚШ-тың бұл қадамы Киевке қарасты қарулы күштердің Украина шығысында соғыс тудыруына себеп болады», – деді. Мәскеудің бағалауынша, АҚШ-тың Украинаға бағыттаған шешімі өңірдің бейбітшілігін бүлдіру болып саналады.

“The Qazaq Times”