Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласынағы қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» келесі жылдың мамыр айында іске қосылады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде нысан құрылысының 75 пайызы аяқталған. Жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай зауыт ТМД елдерінде баламасы жоқ екенін айтады.
Құны 7,5 млрд теңгені құрайтын зауыт болашақта жылына 2500 тонна құрғақ сүт өндіретін болады. Инвестициялық жоба іске қосылғанда 150-ден астам азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Қытай, Сауд Арабия, Гонконг елдеріне экспортталатын болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?