АҚШ-тың жоғары дәрежелі ресми өкілдерінің айтуынша, президент Трамп Иерусалимді Израильдің орталық қаласы ретінде бірінші болып мойындамақ. Бірақ Трамп мырза АҚШ елшілігін Тель-Авив қаласынан көшірмейтінін мәлімдеген. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Бұл хабарлама Трамптың бүгін болатын ресми мәліметінен бұрын тарқалып отыр. Дегенмен, Құрама Штат президенті әлі ресми мәлімдеме жасамады. Араб елдерінің басшылары Трамптың шешіміне алаңдаушылық білдіруде. Әрі, «Мұсылмандардың ашу-ызасын тудыратын шешім» деп бағалауда.
Қазір Шығыс пен Батыс Иерусалим мәселесіне көз тігуде. Бұл бірнеше жылдан бері саябырлап қалған Израиль-Палестина қақтығысының қайта жандануы деп қарауға да болады. АҚШ ресми түрде Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп танитын болса, онда бұл Араб елдері мен Израиль арасындағы қақтығысқа алып келері айдан анық.
1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннан бері оның орталық қаласын Иерусалим ретінде ешбір ел мойындаған емес. Аталған хабарға қарағанда, Құрама Штат Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған бірінші ел болмақшы.