Дания Парламенті жаңа заң жобасын мақұлдап, Ресей газын Германияға жеткізетін «Солтүстік желі-2» газ құбырының елінен өтуіне тосқауыл қойды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
Дания үкіметі ел территориясынан өтетін Ресей газына тосқауыл қою мақсатында, құбырлардың заңдық талаптар, сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздікке сай болуын қадағалайтын жаңа заң жобасын дайындаған. Ел парламенті бекіткен заңда Ресей газын тасымалдайын құбырдың ел қауіпсіздігі мен заң талаптарына сәйкестігін қайта қарауға мүмкіндік берген. Бұл қызметті Сыртқы істер министрлігіне қарасты Ұлттық қауіпсіздік агенттігі атқаратын болады.
Дания мен Швеция газ тасымалдайтын құбырды елдерінен өткізу келісіміне қол қоюдан бұрын да, ЕО Комиссиясынан бұл жобаны мақұлдамауды талап еткен болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы