Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қазақстанның су шаруашылығында Қырғызстанға тәуелділігі жайында пікір білдірді.
Асқар Мырзахметов қазақ-қырғыз қарым-қатынасындағы жағдайға байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Қырғызстанның транс-шекаралық аумақтағы өзендерді өз еркімен пайдалануға құқығы жоқ. Шекаралық аймақтардағы өзендерді пайдалануға байланысты халықаралық заң бар. Қырғызстан сол заңға қарай өзендерді пайдалануы тиіс. Егер Қырғыз елі өз аумағындағы өзендерді бөгеп тастайтын болса, онда Қазақстанның шағым айтуға құқығы бар. Бізден бөлек Қырғызстанға су жағынан Өзбекстан да тәуелді. Егер Қырғыз елі қазіргі қалыпты жағдайдан бөлек басқа шешім шығаратын болса, онда ол Өзбекстанның да көзқарасына қайшы болады» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев: «Мен 2010 жылы өзендерді жауап тастағанда Қазақстан тарапы екі күннің ішінде шекарасын ашқан. Бұл жолы да көп ұзамай шекара мәселесі шешілетін болады» - деп мәлімдеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды