Ирак үкіметінің елдегі өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық топқа қарсы күресі өткен жылдың қазан айында бастаған еді. Алты айдан кейін Ирак армиясы лаңкестерді Мосул қаласындағы негізгі базасына дейін қуып келді. Мосулды азат еткеннен кейін «ИМ» күштерінің қуаты әлсіреп, соғыста арт-артынан жеңіліс тапты. Бір жылға созылған соғыстан кейін Ирак үкіметі «Ислам мемлекеті» содырларын елден толықтай аластадық деп хабарлады.
«People» басылымының хабарына қарағанда, бір күн бұрын Ирак премьер-министрі Абади ресми мәлімдеме жасап, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобын елден жоқ еткендерін жария етті. Бұл ресми мәлімдеме Ирак үкіметінің «Ислам мемлекетіне» қарсы соғысының толыққанды жеңісін және бұл күрестің өз мәресіне жеткенін көрсетеді.
Абади Министрлер кабинетінің кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында: «Соңғы үш жылда Ирак терроризммен күресте елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Лава қаласын азат еткеннен кейін «Ислам мемлекеті» содырларының елде ешбір табан тірер тиянағы қалмады. Әлбетте, біз әскери күш арқылы «Ислам мемлекетін» талқандадық», – деді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес