Ресей Президенті Владимир Путин кеше АҚШ Президенті Дональд Трамп және Сауд Арабиясының патшасы Салманмен телефон арқылы әңгіме барысында Сүрия мәселесіндегі маңызды сұрақтарды талқылады. Дүйсенбі күні Сочи демалыс аймағында Сүрия басшысы Башар Асадты қабылдаған Владимир Путин соңынан Египет және Израиль Президенттерімен телефон арқылы байланысқа шықты. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Кремльдің ұсынған ресми ақпаратына қарағанда, Ресей басшысы өзінің америкалық әріптесімен Башар Асадпен өткен кездесулерінің қорытындысымен бөліскен.
Сарапшылар Ресейдің Сүриядағы соғысқа араласуы Башар Асадтың Үкіметін сақтап қалғанын айтады. Дегенмен Башар Асадтың биліктен кетпеуі әлем басшыларының ортақ келісімге келуіне кедергі болып отыр. Башар Асад осы аптаның басында Ресейге 2015 жылы әскери көмек бергені үшін алғыс айта келген сапарынан кейін екінші рет табан тіреді.
Сейсенбі күні Ресей басшысы Чехияның Президенті Милош Земанмен кездесу барысында Башар Асадтың әскери күштері Сүрия жерінің 98 пайызын қайтарып алғанын айтқан болатын. Өз кезегінде чехиялық әріптесі Владимир Путинге: "Сіз Сүрияда жеңіске жеттіңіз!", -деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау